Үй арендасын субсидиялауға 19 мың адам өтінім берді

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
10 117 өтініш қабылданбады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

7 маусымға дейін берілген өтінім саны – 19 285, оның 4750-і мақұлданды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

10 117 өтініш қабылданбады. Бас тарту себептері әртүрлі. Оның көпшілігі тіркеу кезінде СМС арқылы жіберілген кодты енгізбеген. 

Өтінім қабылданбауының жиі кездесетін себептері: 

жеке куәлігінің жарамдылық мерзімінің өтіп кетуі, өтінім берушінің атына тіркелген жылжымайтын мүліктің болуы, үй кезегіне тіркелмегені, салық қарызының болуы, оларға төлем талабы-өкімдерінің берілгені. 

Әзірге қабылданбаған өтінімдер арасында: 

- алушының немесе отбасы мүшелерінің деректерін тексеру бойынша – 836, 

- табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен асып кетуі – 782, 

- қатысушының өзі күшін жойғандар – 1887. 

Еске сала кетейік, жалдау ақысын субсидиялау бағдарламасы 18 сәуірде іске қосылған болатын.

Новости партнеров