Кеңейтілген отырыста «Алматы 2050» стратегиясының маңыздылығы және қаладағы негізгі шешілуі керек мәселелер талқыланды
Kazakhstan Urban Conference-2019 қорытынды панельдік пікірсайысы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың қатысумен өтті. Жиынға Алматы қаласының даму орталығы басқармасының төрағасы Санжар Ізтілеуов, Алматы облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков және сарапшылар қауымдастығы өкілдері қатысып, өз ойларын ортаға салды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Кеңейтілген отырыста «Алматы 2050» стратегиясының маңыздылығы және қаладағы негізгі шешілуі керек мәселелер талқыланды. Қалалық әкімшілік пен сарапшы қоғаммен байланыстың жоғары болуы сөз болды. Яғни, қаладағы нақты проблемаларды шешу жолында аталған тараптар қатысуы керек. Маңызды құжат кәсіби сарапшылар мен қоғам пікірі ескеріле отырып дайындалған. Шара маңыздылығын Ержан Бабақұмаров: «тең мүмкіндіктерге толы Алматы қаласының одан әрі даму жолдарын айқындай аламыз», - деп түсіндірді.
Форум барысында басты үш тақырып талқыланды. Олар: экология, қауіпсіздік және транспорт. Сарапшы қоғам мен әкімдік арасындағы және білікті мамандардың ойлары қала дамуына серпін беретіні айтылды.