Төтеншеліктердің «Жер-2021» халықаралық оқу-жаттығулары басталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Жиын Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқан төтенше жағдай қызметкерлерін еске алумен басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Іле өзенінің жағалауында төтеншеліктердің «Жер-2021» халықаралық оқу-жаттығулары басталды. Алматы облысындағы жартасты қала деп аталатын полигонда бірнеше мемлекеттің құтқарушылары табиғи және техногенді апаттар кезінде қоян-қолтық әрекет ету тетіктерін пысықтамақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінгі халықаралық жиын Жамбыл облысындағы қызмет бабында көз жұмған төтенше жағдай қызметкерлерін бір минуттық еске алумен басталды. Содан соң, Қазақстанның төтенше жағдай министрі мен Сенат депутаттары және БҰҰ мүшелері еліміздің құтқару саласындағы мүмкіндіктенімен танысты. 

Сондай-ақ төтеншеліктер табиғи техногендік апаттарға төтеп берді. Өртті де сөндірді. Тікұшақпен ұшып өтті. Иісшіл итттердің көмегімен Кинолог мамандар да жұмыс істеді. Сценарий бойынша ұшақ апаты орын алып, жолаушылар құтарқылды.

Айта кетейік, бүгін басталған «Жер-2021» халықаралық оқу-жаттығу жиыны 6 күнге созылады. Осы уақыт аралығында қызметкерлер төтенше жағдай кезінде адам құтқарудың түрлі тәсілдерін үйренеді, кәсіби тұрғыда шыңдалады.

27 қыркүйек күні жиынның қорытындысы өткізіліп, үздік деп танылған қызметкерлер мен еліміздің түрлі өңірлерінен келген төтеншеліктердің жұмысы марапатталатын болады.

Айта кетейік, бұл жиын елімізде әр 3 жыл сайын өткізіледі. Соңғы рет 2017 жылы Жамбыл облысында өткізілсе, биыл Алматы облысының Іле өзені маңында өткізіліп отыр.  

Новости партнеров