Тоқаев Алматыдағы хостелде қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

Сурет: Аkorda.kz
Сурет: Аkorda.kz
Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы хостелдердің бірінде қаза тапқан Қазақстанның және шетел азаматтарының жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы хостелдің бірінде қаза тапқан Қазақстанның және шетел азаматтарының жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты. Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Үкімет пен әкімдікке зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету тапсырылды, делінген Ақорда хабарламасында. 

Алматыда 30 қараша күні таңертең Әди Шәріпов көшесінде орналасқан хостел өртенді. Өрт салдарынан 13 адам қаза тапты.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы екі адам Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілгенін хабарлады. Науқастың бірі көмірқышқыл газымен улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты. Екінші науқас барлық тексеруден кейін ұсыныстармен амбулаторлық емдеуге жіберілген.

Оқи отырыңыз: Хостел бойынша қылмыстық іс қозғалды

Новости партнеров