Алматылықтарға таудағы қауіпсіздік шаралары жөнінде айтылды

19.02.2021 23:31

Алматы қаласы құтқару қызметінің басшысы Дмитрий Чухонцев хабарламаларға бейжай қарамауға шақырды

massaget.kz

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында тауға шығу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласы құтқару қызметінің басшысы Дмитрий Чухонцев хабарламаларға бейжай қарамауға шақырды. Бұл күндері Төтенше жағдайлар департаменті таудағы іс-әрекеттер жөнінде СМС арқылы да, визуалды жадынама тарату арқылы да халықты құлақтандыру жөнінде үлкен жұмыстар жүргізуде.

Дмитрий Чухонцев сонымен бірге, тауға шығатындарға арналған ұсыныстарымен бөлісті.

«Сіз қайда баратыныңыз, қай бағытқа бет алғыныңызды, қай нүктені бағындыруды жоспарлағаныңыз туралы бірнеше адамға хабарлау қажет. Яғни, таныстарыңыз максималды ақпарат пен жоспарланған қайту уақытын білуі тиіс», – деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар «адам өзін таудағы ауа-райының қандай болатындығы туралы ақпаратпен толық қамтамасыз етуі керек. Мүмкіндігінше алған бағытыңызды ертерек бастаңыз және өз күшіңізді күндізгі уақытқа есептеңіз, сонымен қатар тиісті жабдықты дайындаңыз: киім, рюкзак, аяқ киім, шам және басқа жабдықтар».

Құтқару қызметінің басшысы деді: «Өзіңмен бірге үнемі сұйықтық және аз мөлшерде қорек болуы керек. Жаңғақтар мен шоколад сияқты жоғары калориялы тағамдар болуы керек».

Сонымен қатар жаңадан бастаушыларға бөлек ұсыныстар берілді.

«Тауда болу тәжірибесін ескеру қажет. Егер сіздің тәжірибеңіз болмаса, онда мақсатыңыз біздің Алматы өңіріндегі шыңдарды бағындыру (қиындығы жөнінен) болмауы керек. Сондай-ақ, алған бағытпен жүру үшін алдымен оны толығымен зерттеу керек. Егер сіз бірінші рет шыққан болсаңыз, онда сізді қандай да бір тауға дейін кәсіби түрде жетелейтін тәжірибелі нұсқаушымен (инструктормен) жасаған дұрыс», – деп атап өтті спикер.

Оның айтуынша, «барлық жауапсыз әрекеттер қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін түсіну керек». Осыған байланысты Дмитрий Чухонцев барлығын қауіпсіздік шараларын сақтауға және төтенше жағдайлар департаментінің хабарламаларына бейжай қарамауға шақырды.