1 қаңтардан бастап, студенттердің стипендиясы да 25 пайызға өсті
Енді, «Алтын алқа», «Күміс алқа» және 1-2-ші дәрежелі «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналар 17 мың теңге шамасында жәрдемақы алады. Бұл кіріске қатысы жоқ. Ал, баланы асырап алған анаға немесе әкеге 43 мың 657 теңге беріледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Дәл осындай сомадағы жәрдемақы 1-топтағы мүгедекті асыраушыға да тағайындалған. Сонымен қатар, 4 және одан да көп кәмелет жасқа толмаған балалары бар отбасыларға жәрдемақы жаңадан тағайындалды. Мәселен, 4 баласы бар отбасы 42 мың 496 теңге, 5 балаға 53 мың 127 теңге, 6 балаға 63 757 теңге, 7 және одан да көп балалы жанұялар 74 388 теңге алады. Жаңа жәрдемақы кіріс көзіне қатысы жоқ. 1 қаңтардан бастап, студенттердің стипендиясы 25 пайызға өскенін де айта кеткен жөн. Енді бакалавриат тәлімгері 26 мың 186 теңге, магистратурада білім алушы 66 913 теңге, ал докторантурада оқитындар 102 мың 498 теңге шәкіртақы алады.
Мемлекеттік жәрдемақы
«Алтын алқа»
«Күміс алқа» 16 973 тг
I және II дәрежелі «Батыр ана»
Атаулы әлеуметтік көмек
4 бала - 42 496 тг
5 бала - 53 127 тг
6 бала - 63 757 тг
7 және одан көп бала - 74 388 тг
графика - 3
Студенттер стипендиясы
Бакалавриат - 26 186 тг
Магистратура - 66 913 тг
Докторантура - 102 498 тг