Қызылорда облысында дүкен өртенді

08.07.2024 21:09

Зардап шеккендер жоқ

elements.envato.com

Қызылорда қаласында дүкендердің бірінде шатыр өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылардың күшімен өрт шақыру түскен сәттен бастап 30 минут ішінде жойылды.

«Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда. ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Атырауда жыл басынан бері есірткіге қарсы 82 құқықбұзушылық анықталды