Нұр-Сұлтанда VIII халықаралық әскери ойындар өтіп жатыр

 Almaty.tv.
Almaty.tv.
Салтанатты ашылу рәсіміне 13 мемлекеттің Қарулы Күштері өкілі қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтанда VIII халықаралық әскери ойындар өтіп жатыр. Ұлттық қорғаныс университетінде өткен АрМИ-2022-нің салтанатты ашылу рәсіміне 13 мемлекеттің Қарулы Күштері өкілдері қатысты. Бұл туралы Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов мәлімдеді, деп хабарлайды  Almaty.tv.

Сондай-ақ, Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы сайыстың әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығы мен шеберлігін жетілдірудегі маңызды рөлін атап өтті.

«Елімізде дәстүрлі түрде өткізілетін армиялық ойындар. Қазақ халқының ақжарқын пейілімен қонақжайлығын әлемге таныта отырып, достық қарым-қатынастың айқын белгісіне айналды. Бүгінгі жарыста баршаңызға сәттілік тілеймін», – деді ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.

Айта кетейік, биыл ел аумағында аталған сала бойынша үш байқау өткізіледі. Олар: «Артиллериялық атыс шеберлері», «Меридиан» және «Тактикалық атқыш». Соңғы екеуін Қазақстан алғаш рет қабылдап отыр.

«Қазақстан жалпы командалық есепте санағанда төртінші орынннан төмен түсіп көрген жоқпыз. Былтыр біз командалық есепте үшінші орынға ие болдық. Жалпы өздеріңіз білесіздер бұл халықаралық әскери ойын танк биатлонынан басталды. Ашылу рәсіміне де,  жабылу салтанатына да ерекше көңіл аударады», – деді генерал-майор Серік Боранбаев.

Новости партнеров