Алматыдағы екінші жылу электр орталығын газға көшіру қажет. Қазіргі таңда «ҚазЭнергоөнеркәсіптік» Ғылыми зерттеу институтының мамандары Жылу электр орталығы бойынша «Алматының энергокешенін газдандыру, қоршаған ортаға ең төмен залал келтіру үшін Алматының екінші жылу электр орталығын модернизациялаудың» жобасын әзірлеуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жоба бойынша жүргізілген алғашқы нәтижелер 2020 жылдың наурыз айында қолға алынады. Бұл мәселе екінші Жылу электр орталығын модернизациялау бойынша Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев пен «Самрұқ-Энерго» басшыларымен сондай-ақ қоғам өкілдерімен өткізген кеңесте айтылды.
Бүгінде алматылықтар үшін ең өзекті мәселенің бірі – экологияның қазіргі жағдайы. Өйткені, залалды заттардың төрттен бірі дәл осы жылу орталығынан жерден бөлінеді. Мұнда газға көшіру және газбен тазарту қондырғыларын орнатудан бастап жаңа станция салуға дейінгі бірнеше нұсқалар қаралады. Басты мақсат – түтінді газдағы залалды заттардың құрамын Еуро Одақ стандарттарына дейін азайту.
«Бүгінгі күні біз үшін модернизациялау моделін белгілеу маңызды, содан соң сарапшылармен және жұртшылықпен бірге барлық тараптардың көңілінен шығатын шешімді ашық диалог түрінде қабылдайтын боламыз», – деді қала әкімі кеңесте.