Алматыда Төтенше жағдайлар министрлігінің бастамасымен суда жүзудің ережелері таныстырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара барысында құтқарушылар жасөспірімдер мен балаларға қауіпсіздік ережесін түсіндірді.
Айта кетейік, шомылу маусымы басталғалы судағы қауіпсіздік және келеңсіз жағдайдың алдын алу шаралары белсенді түрде жүзеге асып жатыр.
- Шомылу маусымы басталғалы Алматы қаласының су айдындарында жасөспірімдердің өлімі тіркелген жоқ. Ал елімізде 100-ден аса адам суға батты. Оның ішінде 40-қа жуық кішкентай бала бар, – деді ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Есбол Сұлтанов.
Құтқарушылардың сөзінше, судағы қайғылы жағдайдың 80 пайызы шомылуға тыйым салынған жерде болады. Сондықтан арнайы белгілермен көрсетілген аймақта суға түсу керек.
– Суға түсу кезінде жүзуге арналған құралдар мен шеңберлерді алып жүрген дұрыс. Сондай-ақ бейтаныс жерлерде жүзуден аулақ болыңыз. Егер көз алдыңызда батып бара жатқан адамды байқасаңыз, құтқарушыларға ескертуге тырысыңыз, – деді ҚР ТЖМ Республикалық жедел құтқару жасағы құтқару бөлімшесінің басшысы Дмитрий Юшков.
Оқи отырыңыз: Күзде ауа райы қандай болады