|
16.09.2022 | 19:16
3074

Ұлы дала жорығы: Елімізде алғаш рет 1200 шақырымдық марафон-бәйге өтеді

Жарыс 12 сатыға бөлінген

Ұлы дала жорығы: Елімізде алғаш рет 1200 шақырымдық марафон-бәйге өтеді gov.kz

Елімізде алғаш рет 1200 шақырымдық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сайыс 18 қыркүйекте басталып, 29-ы аяқталмақ. Осы 12 күн ішінде марафоншылар елордадан бастап Түркістанға дейінгі аралықты жүріп өтуі тиіс. Жарыс 12 сатыға бөлінген. Бұл жерде жеке шабандоздардың емес, команданың нәтижесі, тұлпардың төзімділігі сыналады. Жалпы республикалық додаға еліміздің әр өңірінен 14 командадан қатысады. Соңғы межеге ең қысқа уақыт ішінде жеткен команда мүшелері бас жүлдегер атанып, «Ұлы Дала Сарбазы» атағы мен 30 млн теңге көлеміндегі жүлдені иеленбек.

«Адамның сағатына 10 шақырым жүгіруге мүмкіндігі бар. Біз спорт залында жүгіріп жүрміз ғой.  Сағатына 10 км жүру атқа салмақ түсіре қоймайды. Ол жерде де солай тексеріледі. Содан осылай жүріп отырып күніне команда бір уақытпен басқа команданы артқа тастап отырса, 12 күнде ол 120 мин артқа тастайды», – деді жоба авторы Бақытжан Тұрлыбеков.

Айта кетсек, сайыс барысында қатысушылардың тарихи орындармен танысуына мүмкіндік туады. Жоба авторының сөзінше, бүгінде әлем елдері ат жарысының түр-түрін өткізеді. АҚШ-та, Еуропада, басқа да мемлекетте қысқа және ұзақ қашықтыққа арналған бәйге көп. Ішінде ең ұзағы 160 км-ден аспайды екен. Осының бәрін саралай келе, қашықтықты 1200 шақырым деп бекітілген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир