Алматыда «Тұмар ханым» сән театры мерейтойын атап өтті

07.06.2024 21:11

Іс-шараға қала әкімдігі мен білім басқармасы қолдау білдірген

Almaty.tv

Алматыда «Тұмар ханым» сән театры 10 жылдық мерейтойына орай есеп беру кешін өткізді. Колледж жанынан құрылған шығармашылық топ іс-шара аясында жұмыстарын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театры ғимаратының алдында өткізілген кешке жоғары оқу орындарының өкілдері, әлеуметтік серіктестер, сән индустриясындағы танымал дизайнерлер қатысты. Ұйымдастырушылар «Тігін өндірісі және киім дизайны» мамандығының беделін көтеріп, түлектердің ірі кәсіпорындарға кедергісіз өтуіне үлес қосуды мақсат еткен.

Айта кетейік, іс-шараға қала әкімдігі мен білім басқармасы қолдау білдірген.

– Тігін өндірісі және киімді үлгілеу мамандығы бойынша студенттер диломдық, курстық жұмыстары тапсырды. Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларын тарту және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмысын халыққа дәріптеу, – деді Алматы Сервис және технологиялар колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мөлдір Абдреимова.

Оқи отырыңыз: Almaty Dream Party: Көктөбе төрінде концерттік шоу-бағдарлама басталды