Былтырғы дүрбелең: биыл қант бағасы қанша болуы мүмкін

elements.envato.com
elements.envato.com

Қант өткен жылғыдай қымбаттамауы үшін бірқатар шара қабылданып жытыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

АШМ Агроөнеркәсіптік нарық және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу департаментінің директоры Қанат Жауымбаев қант бағасына болжам жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

«Болжам жасау, әрине, нақты болмайды. Бірақ өткен жылғы сценарий қалыптаспауы үшін бірқатар шара қабылданды. Біз қантты кіргізудің квотасын 350 тоннадан 450 тоннаға арттырдық. Қазақстанның жылдық сұранысы 550 мың тоннаны құрайды. Ресейдің өзі тауарлық баланс келісімшарты аясында Қазақстанға тауарды жеткізу көлемін 150-ден 270 тоннаға арттырды», - деді Қанат Жауымбаев.

Ол атағандай, қант зауыттарына биыл өтімділік 43 млрд шегінде қойылған.

«Қант зауыттарымен оны жеке талқылаймыз. Бұл өткен жылғыдай бағаның өзгермеуіне әсер етеді», - деді ол.

Сауда және интеграция министрлігінің өкілі Самат Теңбаев қант сұранысы мен оның бағасының тұрақтылығы қамтамасыз етілетінін айтты.

«Нарықтағы өткізу бағасы 400-460 теңге болады деп болжанып отыр», - деді Теңбаев.

Новости партнеров