Елімізде ауыл шаруашылығы жерлері қашан толық цифрландырылады

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бұл туралы Сенатта Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру жеделдетіледі. Бұл туралы Сенатта Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ғарыш мониторингі қорытындысы 8,3 млн гектарға тарта жер пайдаланылмай жатқанын көрсеткен. Оның ішінде 2,6 млн гектар жайылым жері келіскен түрде мемлекет меншігіне қайтарылыпты. 

«Қазіргі кезде цифрландыруға арналған әрі талап етілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің 39 пайызы цифрландырылған. «Қазіргі технологияларды қолдана отырып, қалған 61 пайыз жер бөлігін біз 5 жылда цифрландырып, меңгеріміз деп жоспарлаған едік. «Қазақстан Ғарыш сапары» ұлттық компаниясымен бірлескен жұмыстың нәтижесінде бұл жұмысты екі жылда аяқтамақпыз. Яғни бестен екі жылға қысқартамыз», - дейді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов.

Сонымен қатар жер берудің қазіргі тәртібіне өзгерістер енгізіледі. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында министрлік жер қатынастарын цифрландыру мәселелері бойынша заң жобалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

«Бүгінде жер телімдерін тікелей беру үш кезеңнен, 38 қадамнан тұрып, рәсімдеу мерзімі бір жылға дейін созылады. Цифрландыру жер комиссиясын қоспағанда, рәсімдерді 30 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік беріп тұр. Сауда-саттыққа жер учаскелерін берудің қолданыстағы процесі үш кезеңнен, 19 қадамға жетіп, қазір 3 айға дейін созылып отыр. Осы процесті электронды форматта ұсыну 10 күнге дейін мерзімде қысқартылады деп сенеміз. Қазіргі кезде заң жобасы Парламенттің қарауында», - дейді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов.

Новости партнеров