|
01.03.2024 | 15:08
943

Теміржолшы жұртты өнерімен тәнті етті (видео)

Бақтияр есімді азаматтың музыкалық аспапта ойнаған сәті желіге тарады

Теміржолшы жұртты өнерімен тәнті етті (видео) elements.envato.com

Әлеуметтік желі қолданушылары 41 жастағы ер адамның орны сахнада екенін айтуда, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап. 

- Ер адамның аты-жөні - Бақтияр Исаев. Ол 41 жаста. Жетісу облысы Қарабұлақ ауылында туған. Қазір Көксу ауданы Балпық би ауылында тұрады. Ол бірнеше жылдан бері Алматы теміржолында қара жұмыс істейді. Ол қалаға жұмыс істеуге жазда және көктемде келеді. Бақтияр көп сөйлемейтін, тұйық мінезді. Музыкалық аспап көрсе, ойнауға тырысатынын жасырмады. Музыкалық аспапта ойнаған кезекті бір сәтте, оны видеоға түсіріп алған. Оның туысы Арайдың сөзінше, ол туыстары арасында да музыкалық аспапта ойнайды, - деп жазылған видеода. 

Ал желі қолданушылары Бақтиярдың орны сахнада екенін айтып, жарыса пікір жазды. 

"Бұл кісінің орны сахнада", "Нағыз талант", "Алматыда кафеде пианинода ойнайтын кезі есімде", "Бұл кісі бала кезден талантты", "Музыкалық білімі бар", "Мейрамхана немесе кафеде ән айтса болады ғой", "Талантты жоғалтпайық", - деп жазды желідегілер. 

Оқи отырыңыз: Алматыда «Етік киген мысық» ертегісінің қойылымы көрсетіліп жатыр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир