Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Nur Otan партиясының мүшесі, ҚР ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Долқынтай Абдухалилұлы шаһарда соңғы 5 айда атқарылған жұмыстарға оң баға берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, дағдарыстың алдын-алу үшін дер кезінде қабылданған кәсіпкерлікті қолдау, бағаны тұрақтандыру, инвестициялық-тартымды экономиканың дамуына жағдай жасау сынды шаралар экономиканың тепе-теңдігін қамтамасыз етті.
«Кеше біздің шаһар басшымыз Бақытжан мырзаның айтқан сөздерін естіп қуандық. Өйткені халыққа жасалатын көп жақсылықтарды айтты. Мына қазіргі халқымыздың жағдайын ойлап, азық-түліктің бағасын тұрақтандыру үшін бірталай қаражат бөлді. 15 түрлі азық-түліктің бағасын тұрақты ұстайтынына қарағанда әкімдік халықтың қамын ойлайды деп сеніммен айта аламыз», – деді Д. Абдухалилұлы.