|
20.02.2019 | 16:12
1177

Барлық меморганның сайттарын жауып, біреу ғана жасаймыз – Абаев

Министрдің айтуынша, аталмыш әдіс мемлекеттік сайттарды ұстауға жұмсалатын миллиардтаған теңгені үнемдеуге мүмкіндік бермек

Барлық меморганның сайттарын жауып, біреу ғана жасаймыз – Абаев

Қазақстанда мемлекеттік органдар үшін бірыңғай сайт жұмыс істейді, ал қалғандары жабылады. Бұл туралы ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрдің айтуынша, бірыңғай сайтқа орталық мемлекеттік органдар порталдары мен өңірлік әкімдік порталдары кіретін болады.  

«Биыл біз мемлекеттік органдар үшін бірыңғай gov.kz интернет-порталын құрастырамыз. Жүздің орнына бір сайт болады. Барлық қаржыландыру жабылады және тек жалғыз портал аясында болады. Бұл портал қазір тестілеуден өтіп жатыр. Ол бірінші кезекте тұтынушылардың мүддесі үшін жұмыс істейтін болады. Бүкіл министрлік пен мемлекеттік қызметтер сонда болады. Арнайы бөлім жаңалықтардың жаңартылуын бақылайтын болады. Осының барлығы қоғамдық сотқа шығарылады және менің ойымша бұл сәуірде болады», – деді Абаев министрлік коллегиясының кеңейтілген отырысында.  

Оның айтуынша, бұл бүгінде мемлекеттік сайттарды ұстауға жұмсалатын миллиард теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді екен.

«Бірте-бірте екі жыл ішінде біз қалған барлық мемлекеттік сайттарды жабамыз. Бұл қаражатты айтарлықтай үнемдеу болып табылады және сапа өседі. Мемлекеттік органдар техникалық міндеттер үшін емес, жаңарту үшін емес, контент үшін жауап беретін болады. Министрлік екі бөлікке, яғни жаңалықтар мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үшін жауап береді», – деді ол.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир