Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен "Стар Тайм" ЖШС-нің коммерциялық директоры - Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты - депутаттық өкілеттік пен этика, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс жөніндегі комиссия мүшесі ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Тengrinews.kz ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ол Ақтөбе облысында орналасқан кепілдік элеваторды төлеп алу кезінде ҚР АШМ "ҚазАгро" Холдингінің "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесіне ауылшаруашылық өндірушісіне тиесілі 20 миллион теңгені ұрлағаны үшін жәрдем берді деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде. Кінәнің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.
Осыған дейін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ҚР АШМ "ҚазАгро" Холдингінің "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесіне қатысты тергеу жүргізген.