|
13.06.2023 | 16:12
2294

Жамбыл облысында шөптің бағасы екі есе қымбаттап кетті

Әулиеата жерінде шөп шабу науқаны қызып тұр

Жамбыл облысында шөптің бағасы екі есе қымбаттап кетті Almaty.tv

Жамбылда шөптің қымбаттауы фермерлердің қытығына тиді. Былтырмен салыстырғанда өңірде шабындық жер 10 мың га ұлғайғанымен, шөптің құны 2 есеге өсіп кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv

Әулиеата жерінде шөп шабу науқаны қызып тұр. Шаруалар шалғысын сайлап, іске кіріскен. Дейтұрғанымен, бір түп шөптің бағасы төрт түлік баққан фермерлердің қалтасын қаққан.

Ал егіндік алқабы жоқтар шығынға ұшырап, шырайымыз кетіп отыр дегенді алға тартады. Жалпылай аймақта биыл 184,4 мың га көпжылдық, 28 мың га жуық бір жылдық және 135,1 мың га табиғи шабындық алқапты ору жоспарланған.

«Алқап көп болғанымен, жинаған шөбіміз өткен жылға қарағанда аз. 10-15 пайызға төмен», – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Шәкір Момынқұлов.

Мамандар мал азығының қымбаттауына жанар-жағармай құнының өсуі де себеп болды дейді. Шаруалар үшін бағаның ырыққа бағынбауы жылдағы сценарийге айналған. Енді жауаптылар 2-3 орымда арзандайды деп сендірді, фермерлер оларға сенді. Өзге амал да жоқ.

Жомарт Есқара, Ильдар Ғизатуллин, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир