|
11.06.2019 | 16:13
3822

«Қазақ мемлекеттілігі және Алаш» атты еңбектің тұсауы кесілді

Еңбек Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы және «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы аясында жарық көрді

«Қазақ мемлекеттілігі және Алаш» атты еңбектің тұсауы кесілді Фото: Almaty.tv

Қазақстан тарихы тағы тың деректермен толықты. Алаш партиясының біз білмейтін қызметі мен Қазақстанның мемлекеттік қалыптасуы туралы ақпараттар ғылыми еңбек болып жарыққа шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгін Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Қазақ мемлекеттілігі және Алаш» ұжымдық монографиясы мен «Алаш в истории государственности Казахстана: идеи, судьбы, наследие» атты архивтік құжаттар мен материалдар жинағының тұсауы кесілді.

«Мұрағаттағы тың материалдар негізінде құрастырылған еңбек ғылыми айналысқа бірінші рет шығарылып отыр. Осы уақытқа дейін олар жабық болып келген материалдар. Құпия грифа алынып тасталғаннан кейін бұлардың барлығын біз Ресей, басқа жердің архивтерінен жиналған материалдарды осы ғылыми айналысқа енгізіп отырмыз. Екінші: Алаш қайраткерлері Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы туралы деген кітап. Бұл кітапта тағдыршешті мәселелер көтерілген. Алаш қайраткерлері біріншіден қазаққа жер керек деді. Екінші, білім керек деді. Үшінші, экономикалық тәуелсіздік керек деді. Міне осы үш тұғырдың негізінде мемлекеттілік жасалады», –  деді Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты директорының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары Сайын БОРБАСОВ.

Алаш қайраткерлерінің мұрасы – бүгінгі күннің ең асыл құндылықтардың бірі дейді еңбек авторлары.

Айта кетейік, ғылыми айналысқа енген жинақтар Тұңғыш президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық  мақаласы және «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасының аясында жарыққа шығып отыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир