Халық санағы – 2021: Сауалнаманы қалай толтырған дұрыс

иллюстративное фото
иллюстративное фото
Халық санағы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап халық санағы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биылғы санақтың негізгі айырмашылығы – онлайн және офлайн режимде өтеді. Сондай-ақ, сауалнама парақтарының дәстүрлі қағаз түріндегі сұрау салуларынан бас тартылып, заманауи ақпараттық технологияларды, атап айтқанда интернет желісі және интервьюерлердің үй аралау кезінде электронды планшеттерді қолдану арқылы жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда Sanaq.gov.kz арнайы сайты тәулік бойы жұмыс істеп тұр.

Онлайн санақ кезінде мәліметтер жинау үшін сәйкестендіргіш ақпарат ретінде сауалнамаға қатысушының ЖСН-і қолданылады. 

2021 жылғы ұлттық санақ кезінде барлығы 87 сұрақ (негізгі 67 сұрақ және оған қосымша 20 нақтылаушы сұрақ) қойылады. Биылғы санақта көші-қон, еңбекпен қамту, неке жағдайы, бала туу және тіл білуі бойынша сұрақтар аясы кеңейтілген. Сондай-ақ, БҰҰ-ның мүгедектік статистикасы жөніндегі Вашингтон тобымен ұсынылған жаңа сұрақтар қосылды, мұнда мүгедектік критерийлерін ескеріп, денсаулық сақтау статистикасы аясында халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ету көзделген.

Айта кетейік, қазіргі таңда 1446 бірыңғай call-орталығы жұмыс істейді. Ол елдің барлық аумағындағы мобильді және стационар телефондар үшін бірыңғай нөмір болады. Сондай-ақ,  8 8000 800 878 нөмірі жұмыс жасайды. Сall-орталыққа қоңырау шалу тегін.  


Новости партнеров