Жұмыс тобы 15 шілдеден бастап 17 қаланы аралап шықпақ
Халықаралық сарапшылар тобы алматылықтарды жемқорлықпен күресуге, құқықтық сауаттылықты арттыруға және бюджетті жоспарлауға үйретіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жемқорлыққа қарсы жазғы мектепке белсенділер, заңгерлер, мәслихат депутаттары мен үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері келген. Онда оқушыларға теориядан бөлек, күнделікті өмірге қажетті қағидалар мен механизмдер түсіндірілді. Жұмыс тобы 15 шілдеден бастап 17 қаланы аралап шықпақ.
«Теориялық білімнен бөлек біз осы жүйелерді қолдана отырып, жеткен жетістіктерімізбен бөлісеміз. Мысалы, «ашық үкімет» порталын қалай қолдану керектігін, яғни бес негізгі бағыт: айқын диалог, деректердің қолжетімділігі, ашық бюджет пен мемлекеттік органдардың ашықтығы секілді мәселелерді қарастырамыз», – деді «Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры Ольга ШИЯН.