Солтүстік Қазақстан Қарағанды, Қостанай облыстарында бұршақ жаууы мүмкін
Қазақстанның басым бөлігінде күн ала бұлтты болып, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан Қарағанды, Қостанай облыстарында бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Жамбыл, Павлодар, Түркістан, Қостанай, Ақтөбе, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей аумақтарында дауыл күтілуде.
Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы, Қарағанды облыстарында күндіз қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.