Қосановтың Ақтөбе облысындағы өкілдері демалыссыз жұмыс істеп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үгіт-насихат жұмыстарына берілген мерзімнің аяқталуына бірнеше-ақ күн қалды. Ел президенттігіне үміткерлер де, олардың орталық және аймақтық штабтары да осы уақытты тиімді пайдалануға тырысып жатыр. «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің атынан сайлауға түсіп отырған Әміржан Қосановтың Ақтөбе облысындағы сенімді өкілдері де өңірдегі сайлаушылармен жұмысқа күш салуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тіпті, демалыс күндері де жұмыс істеп, штабқа бас сұққандарды қабылдап жатыр. Мұнда жасы да, жасамысы да үміткердің еңбек жолынан бастап, тұтас өмірбаянымен таныса алады. Сондай-ақ, штаб мүшелері келушілерге сайлауалды бағдарлама жайлы жан-жақты ақпаратты да ұсынады.

«Соңғы бір жеті қалды. Қазіргі таңда сайлау учаскелерінің бақылаушылары толық қамтылды. Кешеден бастап Әміржан Қосановтың сенімді өкілдері аудандарға шақты», – деді Президенттікке үміткер Ә.Қосановтың Ақтөбе облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі Айтқали ИТАЛИЕВ.

Әміржан Қосановтың Ақтөбе облысындағы штабы жиындарды штаб ғимаратында өткізумен шектелмей, үгіттеу жұмыстарының аясын кеңейтуді қолға алды. Сайлауалды шаралардың аясында елдімекендерге бару да жоспарда бар.

Новости партнеров