Президенттікке үміткер Жамбыл Аxметбеков Семей электоратымен кездесті

Президенттікке үміткер Жамбыл Аxметбеков Семей электоратымен кездесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кандидат тұрғындарды сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Коммунистік халық партиясының негізгі бағыттары туралы айтқан ол капитализм мен социализмнің айырмашылығына да тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Батыстың жалған құндылықтарынан бас тартып, кез келген жолмен ақша табу әрекеттері көпұлтты Қазақстан халқы үшін жат нәрсе деді ол. Сондықтан, тұрғындардың жағдайын жақсарту үшін коммунистік партия социализм құру идеясын алға тартады. Семейлік сайлаушылармен кездескен Жамбыл Ахметбеков осыған ерекше тоқталды.

«Бүгінгі кездесуде қазіргі кездегі капитализмнің бет пердесі мен социализм екеуінің арасындағы айырмашылығы туралы көп мәселелер көтерілді. Соның ішінде біздің бағдарламаға сәйкес социализм құру идеясы да бар. Біз халыққа бет бұрған қоғамдық формацияны қолдайтынымызды айта отырып, социализм бағыты қазіргі кезде xалыққа ең тиімді жүйе екенін ескертеміз», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Жамбыл АХМЕТБЕКОВ.

Жиылғандар үміткердің үндеуін қолдап, партия жұмысына қатысты өз ұсыныстарымен бөлісті. Семейлік сайлаушылар  депутаттар қатарында қарапайым еңбек адамы болғанын қалайды. Олардың пікірінше, бұл кез келген сала проблемаларын іштен анықтап, туындаған мәселелерді тез шешуге сеп болады. Кездесу мәдениет үйінің қызметкерлері ұйымдастырған шағын концертпен аяқталды.

Новости партнеров