Шамалғандағы апат: пойыз жолаушылары болған жайтты ертесі күні бір-ақ білген
Пойыздың сілкінгенін сезген, алайда оған аса мән бермепті.
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Костанайские новости» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметінше, апатқа ұшыраған пойыз жолаушылары бұл туралы білмепті. Тек бірінші вагондағылар аздаған сілкіністі сезген. Ал пойыз тежегішінің күтпеген жерінен басылуы ешкімнің күдігін тудырмаған.
Жолаушылардың бірінің айтуынша, ол ұйықтауға арналған бетперде мен құлаққап тағып алған екен. Пойыздың сілкінгенін сезген, алайда оған аса мән бермепті.
Көптеген жолаушы апат туралы арада бір тәулік өткеннен кейін бір-ақ білген. Сондықтан пойызда дүрбелең туындамапты.
Басылым мәліметінше, пойыз апаттан шамамен бір сағат өткеннен кейін жолын жалғастырған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
14.11.2026 11:34
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Дәрігерлер ашқарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады
14.11.2026 11:36