Қайраткерлер туризмге тиісті көңіл бөлінбейді деп санайды
Алматы қаласы мен Алматы облысының қоғамдық кеңес мүшелері бір-біріне өте жақын салынып жатқан көпқабатты үйлерді сынға алды деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Кеңес өкілдері ауыл шаруашылығына керекті жердің биік ғимарат тұрғызуға беріліп жатқанына шүйлікті. Сондықтан мұндай олқылықты жіберген шенеуніктерді жауапқа тарту ұсынылды. Алматы агломерациясы мәселелері төңірегінде өрбіген жиында туризм түйткілі де көтерілді. Қайраткерлер бұл салаға тиісті көңіл бөлінбейді деп санайды.
«Қалалық қоғамдық кеңестің мүшелері өз көзқарастарын білдіріп, бұл мәселелерді шешу жолдарына бірігіп іс-қимыл жасау ұсыныстарын айтып отыр. Кездесу нәтижесінде біріккен іс-шаралар протоколына қол қойылатын болады», – деді қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Барыс Жаппаров.