Жағдайы ауыр
Қарағандыда екі жасар қыз бесінші қабаттағы пәтер терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Сәби ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде жатыр.
"Оқиға Гоголь көшесінде болған. 2019 жылғы қыз абайсызда бес қабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Зардап шегуші ауруханаға жатқызылды", - деді Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің аяқ-қолы бірнеше жерден сынған. Жағдайы ауыр.