|
15.03.2019 | 16:17
1570

Астанада СҚО экс-әкімі ұлының үйінен 112 млн теңгенің мүлкі ұрланды

Ұрылар үйге терезеден түсіп, 76 құнды зат түрін қолды еткен

Астанада СҚО экс-әкімі ұлының үйінен 112 млн теңгенің мүлкі ұрланды nur.kz

Астанада ірі мөлшердегі тонау болды. Сарайшық көшесінде орналасқан жекежайдан ұрылар 112 миллион теңгенің мүлігін жымқырған. Үй СҚО-ның бұрынғы әкімі Самат Ескендіровтың ұлының үйі екені анықталды, деп жазады nur.kz

Ұрылар үйге терезеден түсіп, 76 құнды зат түрін қолды еткен.

Оның ішінде 20 млн теңге, ер және әйелдердің қаракүзен ішіктері, олардың құны $3 000 және $2 500, екі Apple Macbook, 1,5 млн теңгелік алтын жалатылған Zepter стақандары, және есім жазылған травматикалық тапанша.

Ұрылар алтын бұйымдарының топтамасын да алып кеткен. Мысалы, бір топтаманың құны төрт мың доллар тұрады.

Сондай-ақ гауһартаспен безендірілген Rolex ерлер сағаты ұрланған. Оның бағасы 50 мың доллар шамасында. Гауһартаспен безендірілген Chopard әйелдер сағаты 12 мың доллар тұрады.

Айта кетейік, Ескендіровтың ұлының үйін тонаған екі ұры ұсталды. Олардың бірі бес жылға бас бостандығынан айырылды. Ал екіншісі 2018 жылы сотталған болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир