Жүгіруге шыққан қыз күтпеген жерден аяғынан айрылды

Жүгіруге шыққан қыз күтпеген жерден аяғынан айрылды
Қант диабетіне шалдыққан әйел жаттығулардың бірінде аяғының ауыра бастағанын сезеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Англиядағы Дербишир графтығының тұрғыны жүгіремін деп аяғынан айрылды, деп жазады Sputnik Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

 2015 жылдың ақпанында 27 жастағы Хизер Сатчвелл (Heather Satchwell) қайырымдылық шарасына қатыспақшы болады. Шарада ол бес шақырым жүгіруі қажет болатын. Алайда жаттығулардың бірінде Хизер бақайы тырнағының етң ішіне кіріп өскенін байқайды. Хизер қант диабетімен ауыратын. Сондықтан бірден дәрігерге қаралады. 27 жастағы қызда диабетикалық нейропатия дертінің белгілері байқалған.

«Мен өте сақ болу керектігін білетінмін. Саусағым қызарған соң, бірден ауруханаға бардым. Маған дәрігер антибиотик жазып берді. Бірақ олар көмектескен жоқ», - дейді ол.

Жеті айдан соң, хирургтер әйелдің аяғындағы ішіне кіріп кеткен тырнағын алады. Алайда келесі жылдың маусым айында оң аяғындағы бармағын кесіп тастауға тура келеді. Бұған қарамастан, инфекция әйелдің денесіне жылдам тарап кеткен. Сондықтан 2018 жылдың маусымында дәрігерлер амалсыздан Хизер Сатчвеллдің оң аяғын тізеге дейін кесіп тастайды.

Әйел бұл жағдайдан соң өмірінің адам танымастай өзгергенін айтады. Ол операцияға 5 күн қалғанда қызымен бірге жаңа үйге көшті. Мүгедек арбасы үйде көп орын алғанын айтады.

Diabetes UK порталдың мәліметіне сәйкес, қант диабетіне шалдыққан науқастардың инфекция салдарынан аяқ-қолынан айрылу қаупі 15 есе жоғары болады. 

Сондай-ақ диабет кезінде қан айналымы жүйесі бұзылып, жараның жазылуы ұзақ уақытқа созылады.

Новости партнеров