Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады

28.04.2021 21:17

Жалпы мамыр айында қазақстандықтар 13 күн демалады

Қазақстанда мамыр айында 3 мемлекеттік мерекені атап өтеді. Оған байланысты қазақстандықтарға қосымша демалыс күні беріледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Мамыр айындағы басты 3 мереке:

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі сенбіге тура келеді, сондықтан ел тұрғындары 3 күн демалады: 1, 2 және 3 мамыр.

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні жұмада болады. Бұл күн де демалыс күні.

9 мамыр - Жеңіс күні жексенбіде тойланады. Сәйкесінше демалыс күні дүйсенбі 10 мамырға ауыстырылады. Нәтижесінде 8, 9, 10 мамырда демаламыз.

Осылайша, қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында – 1, 2, 3 мамырда, содан кейін - 7, 8, 9, 10 мамырда демалады. 11 мамырдан бастап жұмысқа кіріседі.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 1, 2, 7 мамырда демалады, 8 - жұмыс істейді, 9, 10 - демалады. 11 мамырдан бастап жаңа жұмыс аптасы басталады.

Жалпы мамыр айында қазақстандықтар 13 күн демалады.