|
16.05.2019 | 16:17
2025

Коммунистер лидері жерлестерінің мәселесін тыңдады

«Қорғалжын қорығы» ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи мұра тізіміне енген

Коммунистер лидері жерлестерінің мәселесін тыңдады

Президенттікке үміткер Жамбыл Ахметбеков Қорғалжын ауылына барып, жерлестерімен кездесті. Үміткердің туған жерге сапары сайлауалды үгіт жұмыстары аясында ұйымдастырылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Аймақтағы «Қорғалжын қорығы» ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи мұра тізіміне енген. Оның басты байлығы – қызыл ала қоқиқаздар. Сондықтан кездесуге келген қорық қызметкерлері қоршаған ортаны қорғауға ерекше тоқталды.

Тұрғындар көтерген тағы бір проблема ауыз су мәселесі. Ауыл халқын сапалы тіршілік нәрімен қамту үшін өткен ғасырда салынған құбырларды ауыстыру керек. Жамбыл Ахметбеков, көтерілген мәселелер коммунистер назарында болатынын баса айтты. Сондай-ақ,  басқосуда ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін арттыру үшін шаруа қожалықтарын біріктіру керектігі де сөз болды.

«Мен мұнда ұзақ жылдар қызмет атқарғанмын. Көп мәселені бұрыннан білемін. Бүгінгі кездесуде тұрғындар да осыны растады. Алдағы уақытта шешімін күтетін мәселелер көп», – деді үміткер Жамбыл АХМЕТБЕКОВ.

Сапар соңы партия өкілдері Шалқар ауылына барып, Қорғалжынның ақсақалдарымен кездесіп,  сайлауалды бағдарламасымен таныстырды, үлкендердің пікірін тыңдады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир