Алматыда 13 мың адам жұмыссыз жүр

26.09.2019 23:26

Оның басым бөлігі жастар

Бұл тек тіркеуде тұрғандары ғана. Оның басым бөлігі жастар болса керек. Өйткені енді екі қолға бір күрек таппай жүрген, бірақ  қолында дипломы бар азаматтардың шын мәнінде оқуын аяқтаған соң жұмысқа орналасқанына көз жеткізу көзделіп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ол үшін қоғамдық кеңес мүшелері барлық жоғары оқу орынының ректорларымен  кездесіп, мәселені шешепек. Ал жастар практикасы бойынша азаматқа небәрі 6 ай уақытша жұмыс тауып беру аздық етеді дейді мамандар.  

«Біз барлық оқу орынының ректорларын жинап, студенттің оқуды тәмамдаған соң, шын мәнінде жұмысқа орналасқананын қағаз жүзінде емес, іс жүзінде анықтауын сұраймыз. Сондай-ақ, жастар практикасы бойынша қазір уақытша 6 айға жұмыс тауып береді. Ай сайын төленетін қаржы 52 мың теңге», – деді Алматы қаласы қоғамдық кеңес әлеуметтік мәселелер бойынша комиссия төрайымы Зулфия БАЙЗАҚОВА.