Оқиға 22 ақпан күні кешкі 6-да болған. Өрт шыққан үйде 8 жастағы бала мен оның ағасы болған, деп жазады uralskweek.kz.
«Өрт Ақжайық ауданы Тайпақ аулындағы жеке үйлердің бірінде шыққан. Қызыл жалын 51 шаршы метр аумақты алған. Өрт кезінде үйде 8 жастағы бала және оның 40 жастағы ағасы болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 18:59-да жетіп, 1 сағатта толық сөндіріп үлгерді», - дейді БҚО ТЖД-нің баспасөз хатшысы Жәюігер Құсайынов.
Өрт шыққанда 11-сынып оқушысы Мирас Жүнісов баланың жылаған даусын есіп, бір минут та ойланбастан үйге кіріп, 8 жастағы Ғалым Батырбекті сыртқа алып шыққан. Баладан үйде басқа адам бар-жоғын сұраған Мирас одан жөнді жауап ала алмапты. Себебі, Ғалым әбден қорқып қалған екен. Мирас түк ойланбастан лаулап жанып жатқан үйге қайта кіріп, ер адамды да сыртқа сүйреп шығарған.