|
30.01.2019 | 16:48
9152

Есентай өзенінің бойына 4 мың ағаш егіліп, жаяу жүргіншілер жолы ұзартылады

Работы продолжатся до августа 2019 года

Есентай өзенінің бойына 4 мың ағаш егіліп, жаяу жүргіншілер жолы ұзартылады

Есентай өзенінің арнасын нығайту жұмыстары тамыз айында аяқталады. Қазір құрылысшылар өзен түбіне темірбетон төсеп, тірек қабырғаларды габионмен бекітіп жатыр. Ұзындығы 2 шақырымға жуық жаңартылатын аумақтың жұмысымен бүгін қаланың қоғамдық кеңес мүшелері танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бақылау комиссиясы мердігерлерге тұрғындар тарапынан түскен өтініш-тілектерді жеткізіп, құрылысқа бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынды. Олар әсіресе, қауіпсіздікке аса мән беруді талап етті. Ағысы қатты өзен арнасын каскадты жолмен жасап, судың толқынын тежейтін құрылғылар қоюды алға тартты. Сондай-ақ, тұрғындардың өзен жағалауында емін-еркін тынығу үшін жүргіншілер жолын жасауды сұрады.  

«Есентай өзені Тимирязев көшесінен әл-Фараби даңғылына қарай тақалып тұрады. Қазір мына тұста жоспар бойынша велосипед жолы, жүгіретіндерге арналған, жаяу жүргіншілерге арналған салынып жатыр. Солардың бәрі әл-Фараби даңғылына тірелетін тұстағы көпірге жетіп тіреліп қалады. Бірақ адамдар көпірдің астымен көбісі өткісі келмейді, өйткені көпір асты кейде жарық, кейде қараңғы болып тұрады. Сондықтан сол тұсты ұзартсақ дейміз. Сонда мысалы,  Ремизовкадан бастап тура қаланың ортасына дейін Есентай өзенінің бойымен-ақ жаяу жүруге мүмкіндік болады», – деді Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Бекнұр ҚИСЫҚОВ.

Есентай өзенінің арнасын селге қарсы нығайту жұмыстары Жамақаев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі аумақта жүргізілуде. Жоспар бойынша өзен арнасы 8 метрден 12 метрге дейін кеңейтіліп, тасқынның алдын алады. Бұл аралықтағы су ауқымын күнделікті өткізу қуаты 10 есеге артады деп күтілуде. Қазір құрылыс жұмыстары 65 пайызға аяқталған.  Жазда өзен жағалауы абаттандырылып, жарық желілері жүргізілмек. Ал, өзеннің ортасынан қауіпсіздік үшін оталған ағаштардың орнына, 4000 жасыл желек отырғызылмақ.  

«4000-ға жуық ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 150-ден астам жарық шамдарын, 150-ден астам сәкі-орындықтар орнатылады. 4 шақырымға жуық веложол, 4 шақырым жаяу жүргіншілер тротуары салынады. Балалар алаңы да 4 жерде болады. Ең үлкені – тұрғын үй кешенінің маңында болады. Сосын кейін платина жақта спорт алаңдары салынады», – деді Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Мұрат ЖЕКСЕНБАЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир