Мешіт имамдарының жалақысын кім төлейді

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде мәлім болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздегі мешіттерді күтіп ұстауға мемлекет тарапынан қаражат бөлінбейді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстан Републикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратындығы көрсетілген. Сондай-ақ қолданыстағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының (әрі қарай - Заң) 3-бабында мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген және ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді. Осы орайда, діни қызметшілердің жалақысы мемлекет тарапынан тағайындалмайтындығын мәлімдейміз. Бұған қоса, жоғарыда баяндалған заңнама талаптарына сәйкес, еліміздегі мешіттерді күтіп ұстауға мемлекет тарапынан қаражат бөлінбейді», - делінген министрліктің агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда қашып кеткен сотталушы ұсталды

Новости партнеров