Шолақайдағы жағдай: Мәжіліс депутаты күдіктіні қатаң жазалауды сұрады

 Facebook
Facebook
ҚР Мәжіліс депутаты Закиржан Кузиев күзде депутатық сауал жолдайтынын мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Кәмлеттік жасқа толмаған қаршадай қызды айуандықпен өлтірген күдіктінің қылмысын қатаң айыптаймын".  Facebook парақшасында осылай жазған ҚР Мәжіліс депутаты Закиржан Кузиев күзде депутатық сауал жолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жетісу облысы Панфилов ауданындағы жантүршігерлік қылмысқа қатысты Шолақай ауылына барып, жұртшылықпен кездесккен.

"Бәрінен бұрын, ауыр қазаға орай, марқұм Құралай Қисабекованың отбасына көңіл айтамын. Елдің алтын бесігі – ауылда орын алған бұл оқиға көпшіліктің қабырғасын қайыстырды. Қазір бұл қылмыс ел ішінде де, әлеуметтік желіде де қызу талқыланып жатыр.

Бұл оқиғаға ұлтаралық араздықты қоздыру тұрғысынан баға беріліп жатуы өкінішті. Елді алаңдататын түрлі қауесеттер айтылып, ауылы аралас, қойы қоралас отырған ел-жұртты дүрліктірді. Қылмыста ұлт болмайтынын қаперден шығармайық, ағайын!  

Ауыл ақсақалдары, жігітағасы және өзге де тұрғындар күдіктіні Қазақстан Республикасының заңы аясында барынша қатаң жауапқа тартуды талап етеді. Жасөспірімді қорлап өлтірген адамның қылмысын бүркемелеп отырған ешкім жоқ. Керісінше ең жоғарғы жаза тағайындалуы керек деп есептеймін", - деп жазды Закиржан Кузиев.

Бұдан әрі жағдайлы зерттеген депутат бірнеше сұрақ қойды:

"Десе де көңілде бірнеше сұрақ қалды. Ресми органдардың берген ақпаратына қарағанда, күдікті Рустам Ахметов бұрын екі рет қыз зорлау дерегі бойынша істі болыпты. Ол бұған дейін осы іспеттес қылмысы үшін сотталып, мерзімінен бұрын түрмеден босталған. Екінші рет тағы да осындай әрекетке барып, өзара келісу арқылы үйленген.  

Осыған орай ҚР Бас прокуратрасы, ҚР Ішкі істер министрлігі және ҚР Жоғары сотына бірнеше сұрақтар қойғым келеді. 

Қыркүйекте толығырақ арнайы депутаттық сауал жолдайтын боламын:  

  • Біріншіден, Рустам Ахметовті мерзімінен бұрын босатуға не себеп болды және ауыр қылмыс жасаған қылмыскердің бостандыққа шығуына қандай да бір жемқорлық фактлері әсер еткен бе? Себебі ол сот тағайындаған 7 жылдың үш жылын ғана өтеген.
  • Екіншіден, қылмыскер екінші рет осындай қадамға барған соң, оның жүріс-тұрысын қатаң қадағалап, тиісті органдардың бақылауында болмағаны көңілге күдік ұялатады.  Бұл жағдай да тексерілуі тиіс.
  • Үшіншіден, мектеп оқушысы Құралай Қисабекованың түнгі мезгілде дәмханада даяшы болып жұмыс істеуі, оны жұмысқа алуда еңбек заңнамаларының өрескел бұзылуына қатысты деректерді тексеру керек деп есептеймін. 

Ара-тұра көпэтносты еліміздің әр жерінде осындай қылмыс орын алса, кейбір күштер ұларалық кикілжіңге ұластыруды қалайды. Мұндай бастамалардың жолын кесіп, мемлекеттің идеологиясына сай жұмыс жүргізу керекпіз. Ал күдіктінің қылмысы дәлелденсе, нәсіліне, ұлтына, жынысына қарамай заң тұрғысынан қатаң жазалануы керек.

Парламент депутаты ретінде алдағы уақытта осындай қылмыстардың алдын алу және жазаны қатаңдатуға байланысты заңға ұсыныстар енгізуге еңбек ететін боламыз".


Новости партнеров