Сенат депутаттары шенеуніктерге бәс тігуге тыйым салатын заңды екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл құжатты мемлекет басшысына қол қоюға жіберді. Депутаттар мақұлдаған заңдарға енгізілген түзетулер құмар ойындар мен лотерея қызметіне қатысты.
- Бұл талап (лауазымды тұлғаларға құмар ойындар ойнауға тыйым салу туралы – ред.ескертпесі) енгізілді. Қоғам белсендісі, "Әділдік жолы"қоғамдық ұйымының төрағасы Дидар Смағұлов бастамашы болған петицияға толығымен сәйкес келеді. Аз уақыттың ішінде петицияны Туризм және спорт министрлігі қарады. Жұмыс тобының барлық мүшелері бірауыздан оны толық қанағаттандыру туралы шешім қабылдады, - деді вице-министр Мирас Төлебаев.
Спикердің айтуынша, егер мемлекеттік қызметкер немесе әскери қызметші тыйымды бұзып, бәс тігу немесе басқа да ойындар мекемесіне барса, қызметінен шеттетіледі. Бұл жағдайда айыппұл қарастырылмаған. Мұндай мемлекеттік қызметшілерді кейін жұмысқа қайта алуға бола ма деген сұраққа вице-министр әрбір жағдайды тәртіптік комиссиялар жеке қарайтынын айтты.
Оқи отырыңыз:Сыбайлас-жемқорлықпен күрес: Қазақстан мен Қатар ынтымақтастығы кеңейді