Ұлытау облысында қырылған жылқылардың саны 500-ден асты

12.03.2024 20:20

Облыста жылқы өсірумен айналысатын 230 дан астам шаруашылық бар

elements.envato.com

Ұлытау облысында қырылған жылқылардың саны 500-ден асты. Күн райының қолайсыздығы салдарынан өрістегі малына жете алмай жатқандарды ескерсек, шығын бұдан да көп болуы мүмкін. Ұлытау облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы да әзірге нақты көрсеткішті айта алмай отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Себебі өлексесі табылған 500 бас жылқы тіркеуге алынбаған. Сәйкесінше иелері де табылмапты. Қазір өңірде тірі қалған өзге малды аман алып қалу үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. Арнайы штаб құрылып, қажетті техника мен жанар-жағармай бөлініп үлгерді. Арзан жем-шөп сатып алуға облыс қазынасынан қосымша қаржы берілмек.

– Аталған жағдайға байланысты аудандық әкімдік тарапынан тұрғындар сұраған техника, жол тазалау жұмыстары бойынша қолдау жұмыстары көрсетіліп жатыр. Ал басқарма тарапынан қазіргі таңда жем-шөпке қосымша субсидия беру мәселесі қолға алынды. Бөлінген 200 млн теңгенің шамамен 80 пайызы жылқы малына жем-шөп сатып алуға жұмсалады. Облыста жылқы өсірумен айналысатын 230-дан астам шаруашылық бар. Олар жем-шөп субсидиясын бүгін-ертең алады, – деді Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Мутаев.

Оқи отырыңыз: Қарағандылық азамат такси жүргізушісін соққыға жықты