Алматыда 10 жылдан бері сусыз отырған көпбалалы отбасына тегін су құбыры жүргізілді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv
«Нұр отан» партиясы таяу күндері қосымша құм мен қиыршық тас төгіп береміз деп уәде етуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жақсылық жасаудан жалықпайық. Алматыда он жылдан бері сусыз отырған көпбалалы отбасына су желілері тегін жүргізілді. Бес баланың анасы Райхан Жаңылбаева Түрксіб аудандың «Нұр отан» партиясының қабылдауында болып, көптен бері тіршілік нәріне қол жеткізе алмай отырғандарын айтыпты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Партия өкілдері көмекке зәру жанұяға қол ұшын созуды ұйғарып, осы күні су желілерін тартып берген. Енді жақын күндері қосымша құм мен қиыршық тас төгіп береміз деп уәде етті.

«Осы ұсынысымды қабыл алып, өздері демеуші болып су жүргізіп берді. Сол үшін рахмет айтамыз. Түрксіб ауданының әкіміне де ерекше алғыс. Солардың көмек бергенінің арқасында қазір үйімізде суымыз бар», – деді көпбалалы ана Райхан ЖАҢЫЛБАЕВА.

«Ауданда 1500-ден астам көпбалалы аналар бар. Барлық аналарды тек филиалда ғана емес, бастауыш партияның қоғамдық қабылдау бөлімдерінде қабылдайды. Одан бөлек, «Бақытты отбасы» қоры бар. Солар барынша көмек беруге ықпал етуде», – деді Nur Otan партиясы Түрксіб ауданы филиалының маманы Бекмұхан АБАТ.

Новости партнеров