|
29.10.2019 | 16:38
7288

Алматыда қылмыстық-атқару жүйесін реформалау жөніндегі аймақтық конференция өтті

Пробация қызметі арқылы есепте тұрған 7,5 мың адам жұмысқа орналастырылып, 10 мыңнан астам адамның ем-домына көмек көрсетілген

Алматыда қылмыстық-атқару жүйесін реформалау жөніндегі аймақтық конференция өтті

Жыл басынан бері Қазақстанда түрмеден босап шыққандардың қылмысқа қайта баруы 20,1 пайызға азайған. Бұл туралы бүгін қылмыстық-атқару жүйесін реформалау жөніндегі аймақтық конференция барысында мәлім болды. Қылмыскерді жазалаудың балама шаралары мен пробация жүйесін талқылауға ТМД елдері мен Еуропаның өкілдері де қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

2016 жылы Қазақстан Орталық Азия елдері қатарында пробацияның барлық төрт кезеңін бірінші болып енгізгенімен, нақты бір бағдарлама жоқ дейді отырысқа қатысушылар.      

«Қазіргі есепте тұрған сотталған азаматтарға әлеуметтік бағдарламалар керек. Оларды жұмысқа орналастыру, оқуға түсіру мәселесі бойынша психологтар бар. Соларды зерттеп, біздің заңнама сәйкес ретінде соларды өзімізге енгізуге келіп отырмыз», – деді ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам АЮБАЕВ.

Сондай-ақ, жиын барысында пробация қызметі арқылы есепте тұрған 7,5 мың адам жұмысқа орналастырылып, 10 мыңнан астам адамның ем-домына көмек көрсетілгені белгілі болды. Оған қоса психологиялық жәрдем мен сотталғандардың білім алып, қоғамға бейімделуі де пробацияның назарында екені айтылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

колонии
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир