|
31.01.2019 | 16:21
3446

Депутаттар браконьерлердің көліктері мен жүргізуші куәліктерін тәркілеуді ұсынды

Ужесточение наказания для браконьеров обсудили в парламенте

Депутаттар браконьерлердің көліктері мен жүргізуші куәліктерін тәркілеуді ұсынды

Күдікке іліккен браконьерлердің көліктерін тәркілеу керек. Парламент сенатының депутаты Мұхтар Жұмағазиев қорықшылар қауіпсіздігін Сенаттың жалпы отырысында көтерді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осығына орай ол премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдады. Онда соңғы үш жылда сегіз жүзден артық адам заңсыз аң аулады деген күдікпен ұсталған, бірақ тең жартысының ісі сотқа дейін жетпегені айтылыпты. Қаскөйлерге қарсы заңнаманы күшейтуді сұраған сенатор олардың көліктері мен сайман-құралдарын тәркілеуді де ұсынды.  

«Заң талаптары бойынша көліктер қылмыс құралы болып есептелетіндіктен, олар мемлекет пайдасына тәркіленуі қажет. Алайда, қоршаған ортаға, табиғат игілігіне есепсіз шығын келтірген браконьерлердің басым көпшілігі жеңіл жаза алуымен шектеліп, көліктері өздеріне қайтарылып беріледі. Егер оларды көлікке иелік құқығынан айырып, қылмыс құралы мен басқа да жабдықтарды еш ымырасыз тәркілесе, браконьерлік қылмысқа тосқауыл қойылар еді», – деді ҚР Парламенті сенатының депутаты Мұхтар ЖҰМАҒАЗИЕВ.

Ал жиыннан кейін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтан журналистер мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің мемлекет атын «Қазақ Республикасы» деп өзгерту ұсынысына қатысты пікірін сұрады. Тоқаев жауабында еліміз халықаралық келісім мен құжаттарды қазіргі атауымен түзіп қойған, оны өзгертудің еш мәні жоқ деді.  

«Біздің атауда «Қазақстан» деген сөз бар. Бізге осы жеткілікті. «Қазақ Республикасы» деп атау бізге не үшін керек? Ел атауы Қазақстан Республикасы деп қалуы тиіс. Президент Қазақстан Республикасының атынан көптеген халықаралық келісімге қол қойды. Қазақстанның атауын өзгертудің еш мәні және ешқандай негізі жоқ. Басқа да мәселелер жетіп жатыр», – деді ҚР Парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир