Азаматтар да сұрақтарын қойып, пікір алмасты
Алматыда ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Сапалы өнім» жобасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жылжымалы мобилді заң қызметінің жұмысы бұл жолы «Тастақ» базарында ұйымдастырылды. Іс-шара аясында қала тұрғындарына тұтынушылық құқығын қорғау бойынша заңгерлік кеңес берілді. Азаматтар да сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
– Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесіп, бағыт-бағдар алып, жұмыс істеудеміз. Қаланың барлық ауданындағы сауда орындарына барып, түсіндірме жұмысын жүргізіп жатырмыз, – деді«Сапалы өнім» жобасының жетекшісі Жаңыл Әпетова.
Оқи отырыңыз: Алматылық дәрігерлер аптап ыстық кімдерге қауіпті екенін айтты