Жөндеу жұмыстары 10 жылдан астам уақыттан бері жүргізілмеген
Алматы жұртшылығының көпшілігінің өтініші бойынша қаладағы 5 көлік жолайырығының тіреуіш қабырғаларын орташа жөндеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды қалалық мобильдік басқармасы.
Жөндеу жұмыстарының аясында тақталар демонтаждалып, қабырағаларды сылақпен сылау басталды. Сәуірдің 13-14 қараған түні Саин көшесі мен Абай даңғылының қиылысындағы жолайырықты жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Болжам бойынша, жөндеу жұмыстары мамырдың соңына дейін жалғасуы мүмкін. Содан соң Саин мен Жандосов, Саин мен Шаляпин көшелерінің, әл-Фараби мен Назарабаев, әл-Фараби мен Достық даңғылдарындағы жұмыстар басталады.
«5 жолайырықтағы орташа жөндеу жұмыстары тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Көлік жолайырықтарындағы жөндеу жұмыстары кезінде көшенің бір жолағын жабу жоспарлануда. Жұмыстар сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін, 21:00-ден 06:00 дейін жүргізіледі», - делінген хабарламада.
Ал демонтаждалған тақталарды білім беру және денсаулық сақтау нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында пайдаланады. Қазір әлеуметтік нысандардан өтінімдерді жинау процесстері жүріп жатыр.
«Қабырғаларды сылақпен өңдеу экономикалық, экологиялық тұрғындан тиімді әрі қауіпсіз. Бұл жолайырықтарды келесі жолы жөндеген кезде шығынды оңтайландыруға мүмкіндік береді», - деді Қаланың мобильдік басқармасындағылар.
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге 75 жұмысшы мен 12 арнайы техника жұмылдырылатын болады.