Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік құнын көтергендерге жаза қатаңдайды

Almaty.tv
Almaty.tv
Түзетулер Парламент Мәжілісі депутаттарының қарауында
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімінің бағасын шектен тыс асырған кәсіпкерлерге жаза қатаңдайды. Енді заң бұзғандарға ескерту берілмейді, оның орнына бірден айыппұл салынады. Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген жаңа заң жобасына сәйкес, сауда үстемесін көтергендерге 5-тен 150 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл тағайындау көзделген. Тақырыпты кеңірек тарқату үшін «Алматы» телеарнасының студия қонағы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті бақылау басқармасының сарапшысы Нұрсұлтан Жәнібекұлын сөзге тартсақ.

– Нұрсұлтан Жәнібекұлы, өзгерісті енгізуге не түрткі болды?

– Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-те 4-бабында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін асырғаны үшін бірінші ретте ескерту түрінде әкімшілік шара көзделген және қайталанған жағдайда 10-нан 300 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл көзделген.  Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15 пайыздық сауда үстемесін сақтау бойынша мемлекеттік бақылау құзіреті өткен жылдың сәуірнен бастап, жергілікті атқарушы органнан министрлікке ауысқанын ескере отырып, біз әкімшілік жауапкершіліктің мөлшері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тұрақтандыру үшін және өнімсіз делдалдармен күресуде жеткіліксіз екенін байқадық. Осыған байланысты комитет ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-те 4-бабына ескертуді 5-150 аралықта айлық есептік көрсеткіш мөлшерде айыппұлға ауыстыру бойынша әкімшілік жауапкершілікке қатаңдату түрінде түзетулерге бастамашылық жасады. Бүгінгі таңда бұл түзетулер Парламент Мәжілісі депутаттарының қарауында.

– Биыл қанша заң бұзушылық фактісі анықталды?

– Биыл министрліктің аумақтық департаменттері сауда үстемесін асырғаны үшін 2946 әкімшілік қаулы шығарды. Оның ішінде 202 айыппұл салынды және 2744 ескерту берілді. 202 айыппұл 12 миллион теңгеден астам штраф өндірілді.

– Сіз айтып отырған жайттарға қатысты фактілер қай өңірлерде тіркеледі?

–Бүгінгі таңда сауда үстемесін асырған деректер Шымкент, Астана, Алматы және де Түркістан, Ұлытау облыстарында тіркеледі.  

Оқи отырыңыз: Елімізде биржалық саудада адал жұмыс істемейтіндердің тізімі жасалмақ


Новости партнеров