Қазір ол орталықтағы балалар ауруханасында жатыр
Қарағандыда 2 жастағы бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап, жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Белгілі болғандай, оқиға бүлдіршін ата-анасының қарауынсыз қалған сәтте болған. 6 метр биіктіктен құлап кеткен бала бірден емханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алыныпты. Қазір ол орталықтағы балалар ауруханасында жатыр.
Осы тұста айта кетейік, бір ғана Қарағанды облысының өзінде жыл басынан бері осындай 19 жағдай болған. Оның төртеуінде балалар ажал құшты. Ал республика бойынша терезеден құлағандардың саны 100-ден асып жығылған.
«Қазіргі таңда баланың денсаулығы орташа ауыр жағдайда. Бас, ми жарақатын алған. Биіктен құлаған соң миы шайқалған. Енді ем-домын алып жатыр. Тұрақты түрде бақылап, тиісті шаралар жасап жатырмыз», - дейді Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының нейрохирургі Руслан Хаутиев.