|
13.09.2019 | 19:09
2644

Тоқаев Қытайға барған сапарында Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдырына араша түсті

Сыртқы істер министрлігі арқылы осы жұмысты жалғастыру уағдаластығына қол жеткізілді

Тоқаев Қытайға барған сапарында Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдырына араша түсті

Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы жазған хат Президентке  жетті. Үміт отын тудырған  бұл  жағалықты  бүгін Президенттің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда жазасын өтеп жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы жазған хатты біледі.  

«Бұл үндеуді уақытында алдық. Қытайға ұшар алдында Мемлекет басшысына жеткіздім. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл мәселені жоғары деңгейде көтерді. Іспен сыртқы істер министрлігі  айналысады.  Бұл мәселені оң нәтижемен шешу үшін бар күшімізді саламыз», - деді Президенттің көмекшісі.  

Бұған дейін Қытайда абақтыда отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Зухра Сейтімова Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдаған болатын. 

 Ақжарқын Тұрлыбай есірткі тасымалдағанын әлі мойындаған жоқ. Оның қытай түрмесінде жазасын өтеп жатқанына алты жылға жуықтады. 2015 жылы маусымда Гуандун соты қазақ қызын өмір бойына бас бостандығынан айырған еді. Алайда 2016 жылы мамырда үкімнің күші жойылып, іс қайта қаралатын болды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир