Алматыда санитар мамандар сауда орталықтарындағы азық-түлік сапасын тексерді

Almaty.tv
Almaty.tv
Жастар арасында өте танымал жылдам тамақтану орындарындағы ет өнімдерінің дұрыс піскені тексерілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Түрксіб ауданының санитар мамандары сауда орталықтарындағы азық-түліктің сапасын тексерді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Ұлттық сараптама орталығымен» бірлесе жасалған жұмыстың басты мақсаты – тұтынушылардың тауарды сатып алу кезінде құқықтық сауаттылығын арттырып, дұрыс және қауіпсіз тамақтануды дәріптеу. Науқан аясында зертхана қызметкерлері жеміс-жидектер мен көкөністердің, ұнның құрамында қоспалардың бар-жоғын анықтады.

Одан бөлек, қазір жастар арасында өте танымал жылдам тамақтану орындарындағы ет өнімдерінің дұрыс піскені тексерілді.  

«Ұн өнімдерін біз фортификацияға тексереміз. Арасында минералды қоспалар бар ма, жоқ па, соны экспресс әдіс бойынша тексеріс жүргіземіз. Егер де көп мөлшерде болса, сол жерден олардың тасымалдаушы адамдарымен кездесіп, сол кісілер арқылы хат жазып, өндірушілермен бірге санитарлық ағарту жұмысын жүргіземіз», – деді Түрксіб аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Ләззат Әбиева.

Жергілікті санитар мамандардың айтуынша, осындай шаралардың арқасында азық-түлік сататын шағын және орта кәсіп иелері арасында заң бұзғандар азайыпты. Ал жергілікті тұрғындарға сапалы тағамды тұтынуға мүмкіндік береді дейді.

«Мұндай сараптама жиі-жиі болғаны дұрыс. Себебі не жеп жатқаныңды білмейсің. Алдын ала тексеріп алған жөн, ал таза болса, тіптен керемет!», – дейді қала тұрғыны Абзал Әбілдаев.

Новости партнеров