Бейбіт Атамқұлов өнеркәсіп саласының дамуын тежеп тұрған мәселелерді атады

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бұл мәселені жою үшін мемлекет басшысы «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасын әзірлеуді тапсырған болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде өнеркәсіп саласының дамуын тежеп тұрған бірқатар мәселелер бар. Ол туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, импортталатын өнімнің жоғары үлесі, шикізатқа шектеулі қолжетімділік, цифрлық технологияларды пайдаланудың төмен деңгейі, өндірісті жаңғыртуға қаражаттың жетіспеуі саланың өрісін кеңейтуге кедергі келтіруде. Бұл мәселені жою үшін мемлекет басшысы «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасын әзірлеуді тапсырған болатын. 

«Заң жобасының мақсаты – қазіргі заманғы өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өнеркәсіпті жедел дамыту арқылы ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Заң жобасы негізгі міндеттер ретінде мыналарды айқындайды: қолайлы индустриялық климатты қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті өндірістерді дамытуды қамтамасыз ету, инновацияларды тиімді енгізу, өнеркәсіпте елішілік құндылықты дамыту»,– деді ҚР Индустрия және Инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.

Новости партнеров