|
28.09.2020 | 16:23
1399

Қазақстанда Кеңес үкіметінің төлқұжатымен жүрген 1700-ден астам адам анықталған

Биылғы 8 айда 900-ге жуық азаматтың құжатсыз жүргені белгілі болды

Қазақстанда Кеңес үкіметінің төлқұжатымен жүрген 1700-ден астам адам анықталған ашық дереккөз

Қазақстанда жеке бас куәлігінсіз жүрген азаматтар әлі де бар. Статистика бойынша, өткен жылдың өзінде Кеңес үкіметінің төлқұжатымен жүрген 1700-ден астам адам анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал, биылғы 8 айда 900-ге жуық азаматтың құжатсыз жүргені белгілі болған.  Мұндай деректерді ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов мәлім етті.

«Мысал келтіретін болсақ, Қостанай облысында ер адам 30 жыл бойы құжатсыз тұрған. Оны біздің қызметкерлер анықтап, тиісті көмек беріп, қазіргі таңда ол жаңа жеке куәлікті алып отыр. Екінші мысал, Қарағанды облысында 46 жастағы әйел және оның ұлы ұзақ уақыт бойы жеке бас құжатынсыз тұрып жатқан екен. Алматы облысында Көші-қон қызметкерлерімен 3 егде жастағы тұрғынға жеке бас куәландыратын құжат алғаш рет берілді», – деді ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир